Мен Әлтаев Ғалымжан Халықбекұлы 1982 жылы 27 шілдеде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келдім. 1989 жылы № 244 Ы. Жахаев атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1999 жылы №152 қазақ орта мектебін бітіріп, осы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 2004 жылы өзі оқыған мектебім №152 қазақ орта мектебі жанындағы интернатқа тәрбиеші болып қабылдандым. 2005 жылы осы мектепке мұғалім болып ауыстым. 2003 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. 2004 – 2006 жылдары аудандық жас мамандар мектебінің мүшесі. 2005 жылы аудан әкімдігі жанынан құрылған «Бәйтерек» жастар бірлестігінің мүшесі болдым. 2011 жылы тамыз айында №150 қазақ орта мектебіне тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. 2012 жылы қыркүйек айында №152 қазақ орта мектебіне тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым.
2017 жылдан бастап мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі қызметін атқарып келемін.
2005 жылы Ғ. Әлтаев аудандық «Жыл мұғалімі-2005» кәсіби байқауының ІІІ жүлделі орын жеңімпазы атандым.
2006 -2010 жылдары аудандық, облыстық спорттық жарыстарда қатысып, І,ІІ, ІІІ иемдендім. Облыстық білім басқармасы атынан арқан тарту жарысына бірнеше мәрте қатысып жүлделі ІІ, ІІІ орынды иемдендім.
2011- 2013 жылдары оқушыларым аудандық, облыстық «Жайдарман» сайысының жеңімпаздары, алғаш рет Астана қаласына Республикалық «Жайдарман» сайысына қатысып, алғыс хатпен марапатталдым.
2013-2014 оқу жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, сертификат алдым.
2014-2015 оқу жылында өтілген аудандық «Оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану-оқыту сапасын арттыру құралы» тақырыбында өткен апталықта «Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлексияның ықпалы» тақырыбындағы эссе байқауында алғыс хатпен марапатталдым.
2015-2016 оқу жылында, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі тәрбие саласы бойынша оқыту курсын аяқтап, сертификат алдым. Осы орайда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтілген «Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіру, оқыту сапасын арттырудың тиімді жолдары» аудандық семинарда дипломмен марапатталдым.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мұғалімнің кәсіби дамуы- табысты оқыту мен креативті үдерісте » атты семинар-практикумда аудандық білім бөлімінің мадақтама грамотасына ие болдым.
2015 – 2016 оқу жылында «Үздік тәрбие орынбасарлары» сайысында алғыс хатпен марапатталдым.
2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсынан өттім. 2016 жыл 30 қыркүйек.
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсынан өттім . 2017 жыл. 27 маусым.
2017 жылы Білім беру мазмұнын жаңарту аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинарда «Үздік баяндама» оқығаны үшін марапатталдым.
2018 жыл. ҰБТ-ден 89,6 пайызбен оқушыларым аудан мектептері бойынша алғашқы 5 қатардан көрінді. 100 пайыз ЖОО, АОО оқу орындарымен орналасты.
2019 жыл. ҰБТ-ден 79,8 пайызбен оқушыларым аудан мектептері бойынша алғашқы 8 қатардан көрінді. 100 пайыз ЖОО, АОО оқу орындарымен орналасты. 100 пайыз ЖОО, АОО оқу орындарымен орналасты.
2020 жыл. ҰБТ-ден 96,6 пайызбен оқушыларым аудан мектептері бойынша алғашқы көрінді. 100 пайыз ЖОО, АОО оқу орындарымен орналасты. 100 пайыз ЖОО, АОО оқу орындарымен орналасты.
Жоғары педагогикалық біліктілік санатым, педагог – зерттеуші санатым бар.
Отбасылымын.