Шиелі аудандық білім бөлімінің “№156 Нартай Бекежанов атындағы орта метебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Пернеев Мукаш Нуруллаевич
Өмірбаян
Пернеев Мукаш Нуруллаевич 1962 жылғы 20 қазанда Қырғызстан Республикасында туылған, 1980 жылы №6 В.И.Ленин атындағы орта мектепті аяқтаған, ұлты қазақ, отбасылы, бір ұл тәрбиелеп отырған әке.
1985 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының физика және математика факультетін “физика және математика пәні мұғалімі” мамандығы бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1985 жылы №252 С.М.Киров атындағы орта мектебінде математика пәні мұғалімі қызметінен бастап, 1995 жылы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде математика және информатика пәні мұғалімі, мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Пернеев Мукаш Нуруллаевич 2008 жылғы 12 қарашасынан бастап №252 Г.Н.Ковтунов атындағы орта мектебінің директоры, 2013 жылғы 26 желтоқсаннан бастап №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп директоры және 2018 жылғы 04 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін №156 Нартай Бекежанов атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Басшылық қызметтері нәтижелі болды, өйткені білім беру ұйымдарын басқарған жылдары №252 Г.Н.Ковтунов атындағы орта мектебі республикадағы “Үздік 100 мектеп” тізіміне енсе, №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің ҰБТ бойынша орта балы 90 болып ауданда II орынды иемденген, ал №156 Нартай Бекежанов атындағы орта мектебінің бітіруші түлектері 2018-2020 жылдар аралығында 100% еңбекке орналастырылды, оның ішінде жоғарғы оқу орнына 80%.
Пернеев Мукаш Нуруллаевич басқаратын білім беру ұйымында мемлекеттік грант иегерлерінің, ”Алтын белгі” иегерлерінің және түрлі жарыстардың жеңімпаздарының саны, білім сапасы жыл сайын артып келеді.
Мектептің материалдық –техникалық базасы нығайтылды, оқу кабинеттері соңғы 3 жыл көлемінде 100% қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған (физика, химия, биология және информатика), бу қазандықтары толық ауыстырылған, мектеп айналасындағы көркейту –көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде.
Оқушылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған және жүйелі жұмыс жасап тұр, бақылауға алынған, сонымен қатар арнайы “Бақылау бекеті” кәсіпкерлердің демеушілігімен жасақаталды.
Педагог қызметкерлердің білімін жетілдіру, аттестаттаудан өткізу және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижеcінде мектептегі педагогтардың 90% дан астамы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтті, 29 мұғалім “педагог-зерттеуші” санатына, 2 мұғалім академиялық атаққа ие.
Пернеев Мукаш Нуруллаевич педагогикалық қызметі барысында шығармашылықпен жұмыс істеп, үнемі ізденіс үстіндегі маман ретінде де өзін көрсетті. Ол - өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, тәжірибелі,оқытудың жаңа технологиясын қолданып жүрген ұстаз ретінде танылды. Оның іс-тәжірбиесі аудан, облыс, республика көлемінде зерделеніп таратылған.
Математика пәнінен “педагог - зерттеуші” санатын алған, жоғары категориялы математика пәні мұғалімі, әдістемелік құралдардың авторы.
Білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі” төсбелгісіміен марапатталған, Қызылорда облысы әкімінің грант иегері, бір неше рет аудандық, облыстық, республикалық грамоталармен марапатталған.