ӨМІРБАЯН
Жанабаева Галия Умербаевна 1986 жылы 28 мамыр айында Шаған ауылында дүниеге келген. 1992 жылы № 37 орта мектептің 1 сыныбына қабылданып 2003 жылы 11 сыныпты бітірдім. 2003-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы институттың математика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 2008-2009 жылы Шаған аулындағы №37 орта мектепте зертханашы болып бастаған. 2009-2015 жылдары №37 орта мектепің математика пәцні мұғалімі 2015 – 2017 оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2017 жылдан бастап Шаған ауылындағы №37 орта мектеп-лицей директоры қызметін атқарып келеді.
Білікті басшы, қызметтестері алдында, достары, қатарлары алдында беделді. Үлкендерге сыйлы. Әріптестері әрқашанда оған сенім арта алады. Өте тындырымды, сыпайы азаматша.
Білім саласын басқаруда 10 жылдан астам еңбек өтілі бар. Басқарудың барлық қыр-сырын жетік біледі. Ол басшылық еткен уақыттарда №37 орта мектеп үлгірімі, тәртібі, ҰБТ –ның орташа балы және оқушылардың мемлекеттік грант иегерлер саны облыста алдыңғы қатарда көрініп жүр.
Өзінің білім саласындағы еңбегінің арқасында құзырлы орындардың марапаттарын иеленді.
Шаған ауылдық округі әкіміне үміткер
Жанабаева Галия Умербаеваның
БАҒДАРЛАМАСЫ
Халыққа қызмет етуді мақсат еттім....
«Әкім бол, халқына жақын бол» дейді дана халқымыз. Мен мұны
әрдайым өзіме ұстаным ететін боламын. Ел бірлігіне тең келер ешнәрсе жоқ. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін сақтау, береке-бірлігін жарасымды ету, олардың әлеуметтік, олардың экономикалық материалдық жағдайларын көтеруге, талап-тіліктердің орындалуы әкімге байланысты.
1.Халықпен етене, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асыруды қолға алу;
2. Елбасының жарқын саясатын елге жеткізуге, насихаттауға,
мемлекеттің ел игілігіне арналып жасалған бағдарламаларын ауылда жүзеге асыруға күш салу;
3. Елбасының «Ұлт жоспары- 100 нақты қадам баршаға арналған
қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасын жүзеге асыруға, бағдарлама аясында ауылдың дамуына бағытталған іс-шаралар жоспарын жасап, кезең-кезеңімен ауыл тұрғындарымен бірлесе жүзеге асыру;
4. Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыссыздарды мамандыққа қайта даярлау, қоғамдық ақылы еңбекке тарту, жас мамандарды еңбекке тарту, мекемелерге жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін шешуге көмек көрсету.
5. Ауылдық округтің экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру бағытында тиісті шаралар қабылдау, әлеуметтік ахуалды жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқару.
6.Округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуының, жөнделуінің және күтіп ұсталуын, ауылда орналасқан инфоқұрылым жүйелернің тұрақты түрде жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
7.Бүгінгі уақыт талабы бойынша ауылда шағын және орта кәсіпті дамытуға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдалана отырып жүзеге асыруды назарға ұстаймын. Микро, шағын және орта кәсіпкерліктіӊ дамуы ауылдық округке үшін аса маӊызды, себебі ол жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына, жергілікті бюджеттіӊ нығаюына және салық базасыныӊ ұлғаюына септігін тигізеді.
8. Жол картаға сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы» аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларды тиімді шарттармен қаржыландырып, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс санын ұлғайту және жаппай кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық кооперациясын дамыту; ауылшауашылық саласы бойынша кеңінен таралған «Агробизнес-2020» бағдарламасы арқылы ауылда ет және сүт өнімдерін өндірудің кластерлік жүйесін құруды қолға алу; «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Ақбұлақ», «Өңірлердің дамыту» және басқа да бағдарламалардың тиімді тетігін пайдалануды, халықтың кәсіппен айналысуына белсенділігін ояту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету. Кәсіпкерліктің дамуына әрдайым қол үшін беру;
9. Бұл мақсатта кәсіпкерлікпен айналысуға ауыл жағдайына тән жаңа жобалар жасау, тиісті мамандармен кездесу, инвесторлар тарту, мамандар кеңесін қолжетімді ету мәселелерін әрдайым назарда ұстау;
10. Ауылдық округте салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып, бюджетке басқа да төлемді міндеттердің көлемін арттыру бағытында тиісті шаралар қабылдау;
11.Қоғамдық көлік қозғалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында нақты шаралар қабылдау;
12. Абаттандыру, жарықтандару, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13. Ұлт болашағы балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуын назарда ұстап «Балапан» бағдарламасының жүзеге асуына, ауыл бүлдіршіндерінің толықтай балабақшамен қамтылуын және ауыл мектебінің жай күйін назарда ұстау.
14.Ауыл бұлдіршіндеріне спорт аландарын салуға ықпал жасау (инвестор тарту).
15. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының ауылда жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаторияда білікті мамандардың қамтылуына ықпал ету және ауылда бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасау.
16.Бұл мақсатта ауыл тұрғындарынан түгел қамтитын спорттық іс шараларды жүйелі өткізу, тұрғындар үшін демалыс орындарын көптеп салу шараларына кәсіпкерлерді тарту арқылы ұйымдастыру;
17. Ауыл тыныштығын сақтау мақсатында ауылдық округте құқық бұзушылықтың, қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында құзырлы орындармен бірлесе отырып тиісті жұмыстарды үйестіру.
18. Қарауылтөбе ауылдық округінде жалпы еліміз бойынша жүргізіліп жатқан саяси, мәдени әлеуметтік шараларды кеңінен насихаттау, тұрақты ауыл халқымен бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу.
19. Ауыл әкімі қызметінің халық үшін ашық, жариялы мақсатында ауыл әкімінің блогы, күнделікті қабылдау уақыты, жүйелі кездесулер және басқа да халықпен тікелей байланыс орнатудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану.
20. Тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастыру, ауылдың көркеюіне әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыруға жұмыс жасау.
Әрбір ауыл азаматы «Бұл менің ауылым» деп мақтан ететіндей озық, ауыл үлгісін жасауға қызмет ету.