Қызылорда облысы,Сырдария ауданы
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп директоры Әлиева Айнұр Тоқшылыққызына
Өмірбаян
Әлиева Айнұр Тоқшылыққызы 1969 жылы 11 желтоқсан күні Қызылорда облысы, Тереңөзек қыстағында дүниеге келген. 1977 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек қыстағында №35 М.И.Калиннин атындағы қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 1987 жылы жалпы орта мектебін бітірген.1987-1992 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетінде оқыған.
Әлиева Айнұр Тоқшылыққызы 1992 жылдың 08 тамыз айының 20-шы күнінен бастап №35 М.И.Калиннин атындағы қазақ орта мектебіне тарих, құқық және қоғамтану пәндерінің мұғалімі болып қызметке орналасып, 2011-2012 оқу жылының қаңтар айынан бастап мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқушылардың білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
2021 жылдың ақпан айынан бастап №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебіне мектеп директоры болыпқызмет атқарады .
Ол – теориялық білімділігі мен біліктілігі жоғары, өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген маман. Бастауыш сыныпта оқытудың теориясы мен методикасын білумен қатар, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын , еңбекқор, ізденімпаздығымен дараланған тәжірибелі ұстаз. Жаңа білім бағдарламасы бойынша курстардан өткен шығармашыл мұғалім өнімді оқуға құрылған сабақтарын педагогикалық шеберлікпен ұштастырып отырады.Басты назарды оқушылардың шығармашылық ізденіс, зерттеу дағдысын қалыптастыруға аудара отырып, шәкірттерінен өзіндік «мені» бар жеке тұлға қалыптастыруға ұмтылады. Инновациялық технологияның түрлі әдістерін меңгерген оның шығармашыл шәкірттері түрлі білім сайыстарында жүлдегер атанып келеді. Инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады.Оның шәкірттері аудандық және облыстық пән олимпиадалары мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Әлиева Айнұр Тоқшылықққызы Қызылорда облыстық қоғамдық теледидарында қашықтықтан оқыту бағдарламасына сәйкес облыс деңгейінде сабақ өткізіп, "Дарынды баламен жұмыс жүргізу жолдары" атты аудандық семинарда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген"Тәуелсіздік шежіресіне" деген тақырыпта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойынын 11-сынып оқушыларымен өткізді. 2017-2018 оқу жылы – білім сапасы 59%,2018-2019 оқу жылы – білім сапасы 62%,2019-2020 оқу жылы – білім сапасы 68% құрады,Сонымен қатар, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына жақсы қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ, білікті ұстаз аудан тарихы баяндалған "Сырдария" кітабының ақылдастар кеңесінің жұмысшы тобында жұмыс жасады.Сонымен қатар «Тағылым» республикалық ғылыми –әдістемелік журналының «Үздік мақалалар » конкурсының жинағына «Жаңашыл ойлауға негізделген іргелі реформалар » тақырыбындағы материалы жарияланды.Оқытудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді және танымдық белсенділікті арттыру жолдарын бөлісу мақсатында «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оны қалыптастыру жолдары » тақырыбында әдістемелік әдістемелік құрал ұсынды. Осындай нәтижелі жұмыстарының арқасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен 2015 жылы, ауданның 90 жылдық мерейтойының төсбелгісімен 2018ж., «НұрОтан» партиясының Алғыс хатымен 2018жылы ,2019-2020 оқу жылының қорытындысымен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.