Мен, Қуантаева Гүлжан Нұрадинқызы 1978 жылдың 4-желтоқсанында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Майлы-өзек ауылында дүниеге келдім.
1998 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжін «Төменгі саты мектеп мұғалімі, әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2013 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» Университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірдім.
1998-2007 жылдары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай Ахун ауылындағы №111 мектепте- Бастауыш сынып мұғалімі қызметімен жұмыс атқардым.
2007-2015 жылдары осы ауылдағы №10 Балабақшада -әдіскер/тәрбиеші болып ауыстым.
2015-2016 жылдары №10 Балабақша меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап №10 Балабақша меңгерушісі болып тағайындалып, қазіргі таңда №10 бөбекжай-бақшасында меңгеруші болып жұмыс атқарудамын.
2020 жылы «Нұр –Сұлтан» қаласындағы «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығынан 432 сағат «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгердім.
2021 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың тиімді менеджменті» мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілік арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курс аяқтадым.
Қызмет жасаған уақыттарда республикалық, облыстық, аудандық марапаттарды иелендім.
1.Республикалық:
2017 жыл- «Құрмет грамотасы» Ұстаздарға арналған республикалық мұғалімдер сайты.2017 жыл-«Алғыс хат» Республикалық мұғалімдер сайты».
2019 жыл-«Алғыс хат» «Менің жазғы демалысым» шығармашылық байқауына белсенділік танытқан, тәрбиеленуші жұмысына жетекшілік еткені үшін.2021 жыл- Nur Otan . Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек. «Алғыс хат» .2021 жыл -Диплом. Республикалық білімділер сайты ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауына бүлдіршіндерді белсенді қатыстырғаны үшін.2012 жыл- Диплом. -«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының «Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауында «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен тәрбиеленушілер арасында өткен Республикалық шығармашылық байқауына «Жас суретші» номинациясы бойынша 1-орын «Диплом».Жетекшісі Г.Қуантаева.2021 жыл-Диплом. «Жылдың үздік тәрбиешісі-2021» Республикалық білімділер сайты ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауына белсене қатысып, І орын алып, үздік деп танылғаны үшін. 2021 жыл-«Алғыс хат» «Ozat.kz» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналы.
2022 жыл-«Алғыс хат» Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік «Дидактика» журналы ұйымдастырған «Қазіргі заманғы педагогикалық зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми тәжірибелік конференциясының педагогтар арасында кеңінен таралып, білім беру саласындағы әдістемелік бағыттардың дамуына үлес қосқаны үшін.
2022 жыл.ІІІ дәрежелі Диплом. Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастырумен, тәрбиешілердің білімін тексеру және біліктілігін арттыру мақсатында өткен «Үздік меңгеруші» республикалық интеллектуалды олимпиадада жүлделі орын алғаны үшін.
2. Облыстық:
2020 жыл-Облыстық білім басқармасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті. «Құрмет грамотасы» .
2022 жыл-Облыстық білім басқармасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті. «Құрмет грамотасы» .
2020 жыл-Халықаралық Қазақ тілі қоғамынан. «Алғыс хат»..
3. Аудандық:
2018 ж.-Қармақшы аудан әкімінен 8-наурыз Аналар мерекесіне «Алғыс хат» балабақша меңгерушісіне.
2019 жыл-«Әлеуметтік әріптестік-2019» номинациясы №10 балабақшаға және меңгерушісіне.
2021 жыл-Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі Қармақшы ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті. «Құрмет грамотасы».
2021 жыл-Тәуелсіздікке-30 жыл» мерекесіне байланысты «Жаңашылдық жаршысы-2021 жыл» номинациясы №10 балабақшасына.
2022 жыл- Қармақшы аудан әкімінің «Алғысы» балабақша меңгерушісіне.
Отбасы жағдайым:
Жолдасым-Бостанов Тұрғанбек Қалиұлы, 11.06.1975 жылы туылған, «Қызылорда Газ» мекемесінде оператор.
Қызым-Қалиева Диана Тұрғанбекқызы, 21.08.2000 жылы туылған, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі №250 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ұлым-Қалиев Рахат Тұрғанбекұлы, 08.04.2003 жылы туылған, Қызылорда қаласындағы Гуманитарлық-экономикалық колледж студенті.
Қызым-Тұрғанбекқызы Айдана, 25.04.2008 жылы туылған, ауылдағы №111 мектептің 9-сынып оқушысы.