Мен, Борсынбаева Карашаш Ошаковна, ҚР азаматшасы, 1966 жылы 18 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында қызметкер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Борсынбаев Ошақ, Ұлы Отан соғысының ардагері партия мүшесі болса, ал анам – Ахметжанова Орынтай, он төрт баланы дүниеге әкеліп, соларға тәрбие беріп, үй шаруасымен айналысып, отбасы бірлігін ойлаған асыл жан.
Мен алғаш мектепке 1973 жылы Жаңаарқа ауданы, «Рассвет» совхозында орналасқан мектепке барып, 1983 жылы мектепті жақсы аяқтадым. Осы жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық институтының «Физика, математика» факультетіне түсіп, 1987 жылы ойдағыдай аяқтадым. Осы жылы жолдамамен Жайрем қаласына №7 балабақшасына тәрбиеші болып орналастым. 1988 жылы осы қаладағы қазақ орта мектебіне мұғалім болып ауыстым. 1992 жылы отбасын құрып, Байқоңыр қаласына көшіп келдім. 2007 жылы Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжіне «Физика» пәні мұғалімі болып орналастым. 2013 жылы Байқоңыр қаласындағы жаңадан ашылған №30 «Бәйтерек» балабақшасына ауыстым.
Отбасына тоқтала кететін болсам, 1987 жылы Есіркепов Даулет Жусупович атты азаматқа тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда бір қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз. Жолдасым да өзім секілді бала тәрбиесіне аса мән беріп, олардың елімізге пайдасын тигізетіндей зиялы азамат болып өсулеріне жағдай жасауда. Жолдасым екеуміздің алға қойған мақсатымыз уақытымен шешімін тауып келеді. 1988 жылы дүниеге келген қызым, Есіркепова Жұлдыыз, дипломы бар жоғарғы білімді маман, қазіргі таңда төрт баланың анасы. 1992 жылы дүниеге келген ұлым, Есіркепов Марғұлан, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Отбасылы, бір ұлы бар. 1999 жылы дүниеге келген ұлым Аспандияр Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Самсунг» медицина орталығында «Фельдшер» мамандығы бойынша қызмет атқарады, бойдақ. Кенжем Мадияр Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келіп, Байқоңыр қаласындағы техникумда білім алуда.
Менің алға қойған мақсатым: «Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ» деп елбасымыз көрегендікпен айтқандай, келешек білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қоссам деймін.