1. Тегі,аты, әкесінің аты: Дүйсенбаев Бауыржан Назарұлы
2. Лауазымы, жұмыс орны: «Қызылорда облысының білім басқармасының , Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
3. Туған күні (күні, айы, жылы): 25.01.1963
4. Ұлты:қазақ
5. Білімі: жоғары
6. Мекен-жайы, телефоны: Н.Айсауытов көшесі , 9 үй . ұялы телефоны: 87053104968; үй телефоны: 3-11-75
7. Жалпы жұмыс өтілі: 30 жыл
8. Кәсіподақтағы жұмыс өтілі: 30 жыл
9. Аталған ұйымдағы жұмыс өтілі: 2 жыл
10. Марапаттау мерзімі көрсетілген кәсіподақ тарапынан көтермелеулер:
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының «Алғыс хаты»
Дүйсенбаев Бауыржан Назарұлы 1963 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 1970 жылы №250 орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, оны 1980 жылы тәмамдады. 1980-1981 жылдары Жосалы механикалық зауытына жұмысшы болды.
1981 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, физика мұғалімі және тәрбие жұмысының методисі мамандығы бойынша тәмамдады. 1985-1987 жылдары Одесса қаласында Отан алдындағы әскери міндетін атқарды.
1988 жылы №250 орта мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, 1990-1992 жылдары №183 мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі, 1992-1993 жылдары аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің физика-математика пәнінің әдіскері, 1993-1997 жылдары аудандық білім бөлімінің мектептен тыс мекемелер жөніндегі инспекторы қызметін атқарды.
1997-2004 жылдары О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Осындай білім ордасының заманға сай ілгерілеуіне зор үлесін қосып, 1999 жылы №30 орта мектебі «Үздік мектеп» атағына ие болды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін Елбасының «Алғыс хатын» иеленді.
2004-2010 жылдары Т.Көмекбаев атындағы №250 орта мектебінің директоры, 2010-2012 жылдары осы аталған мектеп лицей атанып, №250 мектеп лицейінің директоры қызметін абыроймен атқарды. Оның дәлелі, 2009, 2011, 2012 жылдары 3 жыл қатарынан ҰБТ қорытындысымен І орынды иеленіп, 5-тен артық «Алтын белгі» шығарып, жоғары көрсеткіш бергені үшін облыс әкімінің Түркия еліне жолдамасын алды.
2010 жылы Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін Елбасының атынан «10 жыл Астана» медалімен марапатталды.
№250 мектеп-лицейінде бітіруші 74 оқушы түгел 100 пайыз ҰБТ-ға қатысып, аудан бойынша І орын алғаны үшін 2011 жылдың 31 мамырында «Қызылорда облысының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2011 жылы білім көрсеткіші бойынша І орынға ие болғаны үшін Білім және ғылым министрлігінің грамотасын иеленді.
2013 жылдың 23 қыркүйегі мен 23 қазан аралығында №27 мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы, 2013-2014 жылдары осы аталған мектептің директоры қызметін атқарды.
2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институтының «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы С.Ж.Тәуірбекованың қатысуымен өткен «Білім беруді дамыту жағдайында мектепті басқарудың жаңаша амалдары» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысып, сертификат иеленді.
2014-2016 жылдары Қармақшы аудандық білім бөлімі басшысы қызметін атқарды. Қай кезде де өз тарапынан игі бастамалардың жаршысы болып жүрген ұлағатты ұстаз білікті басшы ретінде танылды. Еліміздің алдына қойылған міндеттерді орындап, балаларға ұлттық білім беруді жетілдіру мақсатында, білім беру үрдісін кеңінен жоғары деңгейде жеткізуде аянбай қызмет атқарды. 2006-2015 жылдар аралығында Байқоңыр қаласындағы Ресей мемлекеттік оқу стандартымен оқып келген 6 қазақ мектептерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартымен оқуға көшіру мәселесінде, байқоңырлық 6 мектеп, 1 балабақша Қазақстан Республикасының білім стандарты бойынша 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне ауысуына басшылық етті.
2014 жылдың 27 маусымдағы №109 н/қ бұйрығымен жоғары біліктілік санатына ие болды.
2015 жылдың 23 ақпан мен 13 наурызы аралығында басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару» туралы білім бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп, «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» куәлігін иеленді.
2016-2018 жылдары Жосалы кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Өзінің бойындағы зор шығармашылық қабілетімен, аса ұйымдастырушылық қасиетімен дараланған тұлға ерен еңбегінің нәтижесінде ауданымыздың көптеген әлеуметтік, қоғамдық, рухани мәселелеріне зор ат салысты. Ол – білгір маман, білікті басшы әрі игі істердің ұйытқысы бола білді.
2018 жылдың 23 сәуірінен бастап «О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалып, аталған қызметті абыроймен атқаруда.
2019 жылы қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасын ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Бауыржан Назарұлы ауданымызда тәжірибелі, білімді маман, білікті басшы ретінде танымал, ұстаздық және ұйымдастырушылық шеберлігін танытып келеді.
Заман талабына сай жұмыс істеп, жаңашылдыққа ұмтылып, жүйелі жұмыс нәтижесінде 2017-2018 оқу жылында мектеп бітірген 19 оқушының 15-і ҰБТ-ге қатысып, орташа 93,6 балмен аудан бойынша №30 мектеп бірінші рет ІІІ орын иеленді. 12 оқушы мемлекеттік білім грантын, 2 оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды. Г.Әнуарбекова, А.Жетібаевалар «Алтын белгі» иегері атанды. 2019-2020 оқу жылында мектепте 3 оқушы Әбдіраман Мағжан, Оразбаев Мұратбек, Әбдуалиев Серікжан «Алтын белгі» иеленді және 16 оқушы мемлекеттік грантты жеңіп алды.
Бауыржан Назарұлы зиялы отбасында екі бала тәрбиелеп өсіруде. Қызы денсаулық саласында, ұлы – әке жолын қуған, қоғамымызға қажетті іскер мамандар.