Мен, Раймов Нұржан Жакипбекович 25.05.1986 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келдім. Бала кезімнен білімге деген құштарлығым жоғары болып, ұстаздық жолды өзімнің өмірлік мақсатым ретінде таңдадым. Орта білімді Омар Шораяқұлы атындығы №30 орта мектебінде алдым. Осы жылдар ішінде тек білім алып қана қоймай, өзімді жан-жақты дамытуға тырыстым. Әдебиет, математика, қоғамдық пәндерге ерекше қызығушылық танытып, мектепішілік жәнде аудандық сайыстарға белсене қатыстым. Мектепті аяқтаған соң І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне түсіп, география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алдым. Университет қабырғасында алған теориялық білімді практикамен ұштастырып, өзімді болашақ маман ретінде жетілдіре түстім. Ұстаздық жолым Шоқан Уәлиханов атындығы №26 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі ретінде бастадым. Сол сәттен бері әр оқушымның өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын кеңейтуге атсалысып келемін. Мұғалімдік қызмет тек білім берумен шектелмейді. Біз-тәрбиешіміз, жетекшіміз, бағыт-бағдар көрсетушіміз.
Уақыт өте келе білім саласындағы ұйымдастырушылық жұмыстарға қызығушылығым артып, мектеп басқару ісіне бет бұрдым. 2010 жылы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып басшылық қызметімді бастадым.Менің өмірлік ұстанымым- білім мен тәрбие қатар жүргенде ғана сапалы нәтижелі болады. Ұстаз ретінде де,басшы ретінде де менің басты мақсатым- оқушыларға сапалы білім беру, шығармашыл әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Басшылық қызмет- тек басқару емес,ең алдымен үлкен жауапершілік. 2016 жылы №113 орта мектебінің директоры қызметін атқара бастадым. Әр мұғалімнің еңбегін бағалап, ұжым ішінде қолайлы атмосфера қалыптастыру менің басты міндетім болды.
Мектеп басшысы ретінде мектептің білім сапасын арттыру ұстаздардың кәсіби дамуына жағдай жасау және оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру бағытында аянбай еңбек етудемін. Маған шабыт беретін нәрсе- оқушылардың жетістігі. Олардың білімге деген құштарлығы,шығармашылық табыстары,өмірден өз орын табуы мен үшін ең үлкен марапат. Себебі, мен үшін мектеп тек оқу орны ғана емес, үлкен отбасы. Әр оқушының,әр мұғалімнің, ата- ананың мектеппен тығыз байланыста болғанын қалаймын. Тек өзара ынтымақтастық пен сенім арқылы ғана сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеуге болады деп сенемін.
Ұстаз және мектеп басшысы ретінде мен тәртіп пен жауапкершіліктің ең алдымен мектеп қабырғасынан басталатынын білемін. Ұжымның үйлесімді жұмысы - мектептің дамуының кепілі. Сол себепті мен әр мұғалімнің кәсіби өсуіне жағдай жасауға, заманауи педагогикалық әдістерді енгізуге ерекше назар аударамын. Себебі, жаңашылдықты ұштастыру - менің басты ұстанымым.
Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын. Ұстаздық пен басшылық қызметте жеткен жетістіктерімнің дәлелі ретінде:
- 2023 ж «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығында «Деректерді талдау негізінде мектепті басқару» тақырыбы бойынша 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсын өттім.
- 2023 жылы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» тақырыбында облыстық семинарға қатыстым.
- 2023 жылы Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құрмет грамотасы.
- 2023 жылы Қызылорда облысы Білім басқармасы Білім және Ғылым қызметкерлерінің облыстық және кәсіподақ комитеті ІІІ дәрежелі диплом.
- 2024 жылы- Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ шығармашыл мұғалімдердің тәжірибе алаңы ІІІ дәрежелі диплом.
2024 жылы –Қармақшы аудандық білім бөлімі «Бір мектеп- бір жоба» аудандық кезеңі І дәрежелі диплом
2024 жылы – А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп –лицейіне «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациясымен марапатталды.
Бірақ мен үшін ең үлкен марапат-оқушыларымның, әріптестерімнің және ата –аналарымның алғысы мен сенімі. Менің кәсіби жолымның негізгі тіректері көшбасшылық пен жауапкершілікті үздіксіз дамыту. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, мен мектептің өркендеуіне үлес қосып, сапалы білім беруге бар күш-жігерімді арнаймын.