«№177 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сулейменова Кулайша Таниевнаға
Мінездеме
Сулейменова Кулайша Таниевна Қызылорда облысы Арал ауданында 1968 жылы 4 маусымда дүниеге келген. 1985 жылы Сексеуіл поселкесінің орталығында №23 теміржол мектебін бітіріп, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша 1990 жылы бітіріп шыққан. Еңбек жолын Арал ауданы Сексеуіл поселкесіндегі № 231 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады. Ұстаздық еңбек жолында көптеген өз пәні бойынша сайыстарға қатысып және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып көзге түсе білді. Шығармашылық еңбектері және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Кулайша Таниевна 2003 жылдың қараша айынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Осы тәрбиелік істі атқарудағы жақсы нәтижелері мен жетістіктері және биік белестерден көрінуінің арқасында 2013-2019 жылдары Арал қаласындағы №220 орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 2019 жылдың 17 қыркүйегінен бастап №177 орта мектебінің директоры қызметін атқаруда. Кәсіби мамандығына құштар жан Кулайша Таниевна өзін педагогикалық жақсы қырынан және терең меңгергендігін көрсетуде, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуге еш жалыққан емес. Әрі ұстаз, әрі мектеп басшысы ретінде жаңашыл, ізденімпаз және өзі басқарып келе жатқан ұжымға саяси сауаттылығымен, ұстазға тән қасиеттерімен ерекшеленіп жүрген жан. Ұжымда ұжым мүшелерімен кез-келген тақырыпта пікірлесе, өз ойын еркін де ашық түрде айтып, өз идеяларымен бөлісіп, біліктілік көрсетіп келеді. Өзі білім беріп жатырған шәкірттерге және ұжым мүшелеріне жеке тұлға ретінде құрметпен қарап, өзіндік көзқарастары мен пікірлерін қалыптастыруда бар күш-жігерін аямай еңбек етіп келе жатқан еңбекқор ұстаз.
«Мұғалім – мектеп жүрегі» дегендей Кулайша Таниевна ұстаз ретінде өзінің сүйікті мамандығы бойынша шәкірттерге білім мен тәрбие беруде шығармашылығын ұштаудағы еңбектеріне мына нәтижелерді негіз етуге әбден болады.
«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Білім беру ұйымдарын басқарудың жаңаша амалдары» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқаны үшін, «Нәтижеге бағдарланған білім беру моделі және мұғалім шығармашылығы» тақырыбында өткізілген аймақтық әдістемелік семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін сертификатын және «Толқын» өлеңі М.Жұмабаев» тақырыбы «Тағылым» республикалық ғылыми – әдістемелік журналда жарық көріп, материалдың жарияланғандығын растайтын сертификатқа ие болды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің сертификатын, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі педагогикалық шеберлік орталығының және ULAGATTY-USTAZ.KZ порталында жарияланған жұмыстары үшін сертификат иеленді.
2013 жылы GYLYM-BILIM.KZ ұстаздарға арналған ғылым-білім интернет ресурсы ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз» атты І Республикалық оқытушылар конкурсында «Нәтижелі сабақ – тәжірибе бастауы» бағытында қашықтықтан қатысып «Талантты ұстаз – дарынды бала» номинациясы бойынша І орынды растайтын дипломға ие болса, ал 2017 жылы GYLYM-BILIM.KZ сайтына сабақтары мен баяндамалары жарық көріп және 45 MINUT.KZ сайтынан Алғыс хат иеленді. «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру ұйымдарын басқарудың жаңаша амалдары» тақырыбындағы облыстық оқыту семинарында үздік баяндама жасағаны үшін Алғыс хат және Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Е.Иманалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Менің алғашқы ұстазым» атты аудандық форумда «Ұстаз шеберлігі қалай ашылды?» тақырыбында көрсеткен үздік жұмысы үшін Алғыс хатқа және аудан көлемінде ұйымдастырылған «Инновациялық дамудың негізі – сапалы білім беру» тақырыбында өткізілген семинарда жоғары деңгейде белсенділік танытқаны үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хатын, 2015 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен, Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.
ULAGATTY-USTAZ.KZ порталында «Ғылыми ізденіс жобаларын ұйымдастырудың үздік әдіс-тәсілдер жүйесі» бағытында «Айтыс түрлері» атты жұмысымен қашықтан қатысып І орынға ие болғандығын растайтын Дипломды және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті ұжымының Алғыс хатын, 2016 жылы ULAGATTY-USTAZ.KZ сайтында жарияланған сабағы үшін І орынға ие болғандығын растайтын Дипломмен марапатталды. Шәкірттеріне танымал тұлғалар шығармаларын үйретуде және ізденуге баулуда ізденімпаздық танытып жүрген ұстаздар жетінші сынып оқушысы Мырзағұл Айгүлдің дарындылығы мен қаламын ұштау мақсатында ZHAS-DARYN.KZ ұстаздарға арналған интернет ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына «Әмірадин Әленов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері» атты ғылыми жұмысымен қашықтан қатысып, оқушысы І орын алғандығын растайтын Дипломға ие болды. Республикалық «Жыл-он екі ай» журналының редакциясы балалардың кітапқұмар, жан-жақты білімдар болып өсуіне аянбай еңбек еткені үшін Құрмет грамотасына және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі мен «BI Жұлдызай» қайырымдылық қоры директорының Алғыс хатымен, «зерде» ХІ республикалық шығармашылық жобалар конкурсына оқушысы Мырзағұл Айгүл қатысып, аудандық кезеңде І орынмен, облыстық кезеңде ІІ орынға ие болып, Мақтау қағазымен марапатталды.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. № 92, 15 тамыз, 2017 жыл
Кулайша Таниевна мектеп басшысы және тәлімі мен тағылымы мол ұстаз ретінде заман талабына сай оқу мен оқыту процестеріндегі ізгі жаңалықтарды қолдаушы жаңашыл ұстаз. Оның дәлелі республикалық баспасөз материалдарында жарық көріп жүрген жинақтары мен мақалалары. «Мектептегі көшбасшылықты дамыту және кәсіби білім одақтарын құру» атты жұмысы, «Оқу мен оқытуды жаңарту – нәтижеге жеткізетін күш» атты мақалалары республикалық жинақта жарық көрсе, «Орта мектепте жіктеу есімдігін оқыту және заман талабы» атты жұмысы «Қазақ руханияты: әдебиет, тарих және өнер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбектері жинағында жарық көрді.
«Қ.Сәрсенбаев шығармашылығы және өңір әдебиеті» тақырыбы «Ұлт руханиятының қайнар көздері: «Тіл мен әдебиет, білім мен тәрбие» атты мақалалары республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми еңбектері жинағында және 2016 жылы Алматы баспасынан «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сындарлы оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» атты кітабы 2016жылы Республикалық ғылыми ақпараттық – танымдық педагогикалық журналына «Болымды және болымсыз етістік» сабақ үлгісі және Қазақстанның білім және ғылым әлемі «Мектептегі көшбасшылықты дамыту және кәсіби білім одақтарын құру», «Оқу мен оқытуды жаңарту нәтижеге жеткізетін күш» атты мақалалары жарық көрді. Егеменді еліміздің 25 жылы қарсаңындағы республикалық, облыс және аудан көлемінде ұйымдастырылған ел игілігі үшін атқарылып жатқан іс-шараларға белсене қатысып, Арал аудандық прокуратурасының Алғыс хатымен марапатталып абырой биігінен қөрініп келе жатқан еңбексүйгіш жан. Мектебіміздегі отбасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына да қаржылай көмек беріп жүрген қайырымы мол ізгі жан деп айтуға лайық басшы және мейірімді ұстаз.
Егеменді еліміздің болашағы – жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу тәрізді ардақты істі өз міндетіне алған Кулайша Таниевна осы бір ізгі жолда өзінің шығармашылық шеберлігін көрсетіп, ерекше еңбек етіп келеді. Еліміздің одан әрі гүлденуіндегі, болашақ ел зиялыларын тәрбиелеудегі ұстаздық қызметіне құрметпен қарап, ұжымда ауызбіршілікті сақтап және ұжымның абыройын асқақтатуда асқан шеберлік пен қырағылық танытудан жалықпаған ұлағатты ұстазды жоғары біліктілік санатына лайықты деп сенім білдіремін.